Түркістанда нашақорлыққа қарсы айлық акция басталды

 

Түркістанда 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз болашақ!» ұранымен бір айлық акцияның ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов және спортшылар қатысып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Бейсенбай Тәжібаев өз сөзінде есірткінің таралуы – ел болашағына төнген қауіп екенін атап өтіп, облыста бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Жастарымыз білім мен спортқа ұмтылып, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауы керек», – деді ол.

Акция аясында салауатты өмір салтын насихаттайтын түсіндіру жұмыстары, концерттік және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Іс-шараға білім, денсаулық сақтау ұйымдары, жастар ұйымдары және қала тұрғындары белсене қатысты. Мамандар нашақорлықтың алдын алу, емдеу және одан арылу жолдары туралы ақпарат берді.

Салтанатты жиында өнерпаздар мен спортшылар патриоттық рух сыйлап, сахнада музыкалық қойылымдар мен би өнерін көрсетті. Таңертеңгілік танымал спортшылардың қатысуымен жаттығу ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте құқықтық кеңес беру бойынша «Халық заңгері» акциясы өтеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында жазғы маусымда 41 мыңнан астам оқушы лагерьмен қамтылады

berdaly_oraz

Солтүстік Қазақстанда құсбегілер сайысы өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу