Сарыағаштық оқушылар облыстық кітап оқу байқауында үздік атанды

 

Түркістан облысында өткен «KitapXAH» әдісі бойынша ұйымдастырылған оқушылар арасындағы кітап оқу байқауының қорытынды кезеңінде Сарыағаш ауданының оқушылары озық нәтиже көрсетті.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған байқау Түркістан облысының білім басқармасы мен «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Байқау екі кезеңнен тұрды:
🔹 Бірінші кезеңде қатысушылар өздері оқыған кітапты 6 минутта таныстырып, оның мазмұны мен құндылығын қорғады.
🔹 Екінші кезеңде Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Сайыс қорытындысы бойынша:
🏆 Қарлығаш Есен — №53 М.Ғабдуллин атындағы мектептің 6-сынып оқушысы жүлделі І орынды иеленді.
🥉 Дана Дарханбай (№53 М.Ғабдуллин мектебі) және Умида Акрамова (№29 Ұлықбек мектебі) ІІІ орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Дәурен Босымбаев пен «KitapXAH» әдісінің авторы, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбет арнайы марапаттап, алғыс хаттар табыстады.

Бұл жетістік – сарыағаштық оқушылардың кітапқа деген құштарлығы мен білімге деген адалдығының нәтижесі. Олар аудан абыройын асқақтатып, жастарға үлгі бола білді

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: ШАХАРҒА КІРЕБЕРІС КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ТАРАЗЫЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Қазығұртта «Көреген ене, ибалы келін» атты сайыс өтті

Түркістан: Кентауда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті.

Redaktor Arysinfo

Пікір жазу