«Ақшасы болмаған» Сарыағаштан Қарағандыға жаяу жолға шыққан қарияға шенеунік көмек көрсетті

Түркістан облысынан Қарағандыға дейін жаяу жолға шыққан қарияның видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жолға ақшасы болмаған қария Сарығаштан бері 10 сағат бойы жаяу жүрген, деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Жағдайды Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов өз Instagram парақшасында жариялады. Ол Ордабасы ауданынан қайтып келе жатып, жол жиегінде сөмкесін арқалап кетіп бара жатқан ақсақалды байқап, тоқтап, мән-жайды сұрастырған.

Махамбетовтің айтуынша, қарияның есепшоты микрокредит ұйымына 500 мың теңге берешекке байланысты бұғатталған. Сондай-ақ зейнетақысы баласының мобильді қосымшасына тіркелген болуы мүмкін, деп болжайды ол.

Мәселе дереу назарға алынып, Әділет департаментінің басшысы қарияға есепшотын бұғаттан босатуға көмектескен.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, қарттар мен әлеуметтік осал топтардың құқықтық және қаржылық қауіпсіздігіне назар аударуға тағы бір себеп болды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысы: Сайрам ауданында 100 түп ағаш отырғызылған кең ауқымды сенбілік өтті

berdaly_oraz

Түркістанда мәслихат төрағаларының қатысуымен қоғамдық келісім мәселелері талқыланды

berdaly_oraz