Түркістан облысында жыл басынан бері 2600-ден астам тазалық жұмысы жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда өңірде жүзеге асыру жоспарланған 7263 іс-шараның 2614-і өткізілді. Жалпы 458657 тұрғын белсенділік танытып, өз қалалары мен ауылдарын тазартуға үлес қосты. Бұл жұмыстарға 2980 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 509 мың көшет отырғызылып, 9143 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аймақ басшысы тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын тиісті деңгейде атқаруды тапсырып, бұл жұмыстар тікелей өз бақылауында екенін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың мәлімдеуінше, бүгінгі күнге дейін «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 2320 өтінім түскен. Оның ішінде, 2 308-і орындалған болса, 12 өтінім орындалу барысында. Қоғамдық орындарда санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға жыл басынан бері 10 570 хаттама толтырылып, 262,5 млн теңге айыппұл салынды. Оның 142,6 млн теңгесі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21 %-ға өскен.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аэровизуалды мониторинг нәтижелерін «109» өтініштерді өңдеу жүйесіне интеграциялап, байланыстыру жұмыстары қолға алынды. Елімізде алғаш рет енгізіліп отырған бастама жедел әрекет етуге мүмкіндік бермек. Осыған орай, жауаптыларға аудан, қала әкімдіктерін арнайы дронмен қамтамасыз етіп, бейнематериалдар мен фотодеректерді «109» жүйесіне жедел жүктеу арқылы ретке келтіру бойынша тапсырма берілді. Одан бөлек, жиын барысында кемшіліктер де айтылып, өзекті мәселелер ортаға салынды. Мәселен, елді мекендерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау мәселесі толықтай реттелмеген.

Ұқсас жаңалықтар

ҚОСТАНАЙДА ӨТКЕН ЖАС СПОРТШЫЛАР ДОДАСЫНДА ШЫМКЕНТТІК ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысында TURKISTAN ROBO CUP 2025 республикалық чемпионаты өтті

Альфия Адамбек

Таразда мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиевке шабуыл жасалды

berdaly_oraz

Пікір жазу