1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандайды

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек бағасы айтарлықтай төмендемек. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелдиев мәлімдеді.

«1 шілдеден бастап дәрі-дәрмекке көтерме және бөлшек бағалар 30%-ға дейін төмендейді. Бұл – ұзақ әрі ауқымды процесс, 6 мыңнан астам дәрілік атауларды қамтиды», – деді вице-министр.

Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бұл шара халықтың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін арттыруға және денсаулық сақтау жүйесіндегі баға саясатын тұрақтандыруға бағытталған. Жаңа баға ережелері барлық дәріханалар мен жеткізуші ұйымдар үшін міндетті болады.

Ұқсас жаңалықтар

Диплом бар ма, жоқ па? Қарағандыдағы медициналық колледж түлектері неге болашағынан қағылды?

Redaktor Arysinfo

ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЕРЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

Redaktor Arysinfo