Қызылордада балабақша қызметкерінің абайсыздығынан бүлдіршін ауыр күйік алды

22 мамырда Қызылордадағы жекеменшік балабақшаның бірінде кішкентай қызды қайнаған суға күйдірген қайғылы жағдай тіркелді. Бүлдіршіннің анасының айтуынша, қыз қазіргі уақытта ауруханада ем алуда. Оған денесінің бірінші, екінші және үшінші дәрежелі күйігі қойылған, әрі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір бала палатаға ауыстырылған.

Балабақша меңгерушісінің хабарлауынша, оқиға кезінде бала дәретханада болған және киімін ластап алған. Күтуші оны жуындырмақ болып, абайсызда ыстық судың шүмегін ашып алған, нәтижесінде бүлдіршін қатты күйік алған.

Жұмыс беруші тараптан кінәлі деп танылған екі қызметкер жұмыстан босатылған. Балабақша зардап шеккен баланың анасымен үнемі байланыста болып, қажетті барлық медициналық және моральдық қолдауды көрсетіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Теміртауда қарияны ұрып,соққан 9 күдікті 2 айға қамалды

berdaly_oraz

Ақордадағы кадрлық өзгеріс: Қазақстан дипломатиясына жаңа серпін бере ме?

Redaktor Arysinfo

Тоғансай ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді

berdaly_oraz