Сарыағашта халықпен кері байланыс күшейді: «Қызмет алушылар күні» өтті

Түркістан облысында халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасуда. Сарыағаш ауданында өткен «Қызмет алушылар күні» – соның айқын көрінісі. Бұл жолы іс-шара «Азаматтарды тіркеу, қандас мәртебесін алу және құжаттарды рәсімдеу» тақырыбына арналды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті бастамасымен ұйымдастырылған кездесу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өтті. Онда тұрғындарға тиісті қызмет түрлерін алу жолдары түсіндіріліп, 16 азаматтың сұрағы тыңдалды. Кездесу барысында азаматтар күнделікті туындайтын әкімшілік кедергілер жайлы ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Қызмет сапасын арттыру мақсатында қатысушыларға мемлекеттік қызметтер бойынша шағым жолдау тәртібі көрсетілген ақпараттық брошюралар таратылды. Бұл бастама алдағы уақытта түрлі бағыттар бойынша жалғасын таппақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды

Биыл мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 323 мыңнан астам қызмет алды

Шағыр-Монтайтас темір жол өткелі уақытша жабылады

berdaly_oraz