Түркістан: Келес ауданында 12 жоба жүзеге асуда

Түркістан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен бірқатар әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мемлекетке қайтарылған активтер және жергілікті бюджет есебінен Келес ауданында 12 әлеуметтік жоба қолға алынды. Атап айтқанда, Жүзімдік, Бірлік және Ақтөбе ауылдық округтерінде ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нысан пайдалануға тапсырылған соң 1805 үйді қамтитын 13 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Жалпы, жыл соңына дейін аудандағы елді мекендердің барлығы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады.

Сонымен қатар ауыз су мәселесін түбегейлі шешуге бағытталған ірі жоба – «Өгем» өзенінен Келес ауданына су жеткізу бастамасы қолға алынған. Қазіргі уақытта құжаттары әзірленуде. Жоспарға сәйкес, жобалау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталмақ. Бұл жоба инвестор есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс мерзімі – үш жыл. Нәтижесінде, оңтүстік өңірлердің су тапшылығы мәселесін шешіліп, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал мен Жетісай аудандары ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сарыағашта «Үлгілі ауыл» байқауында топ жарған ауылға спорт және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Жетісайда 3 мыңға жуық адам сенбілікке қатысып, дала өртінің алдын алуға жұмылды

Redaktor Arysinfo

Түркістан көшелеріне жаңа автобустар шықты

berdaly_oraz