Түркістандық параканоэшілер Тайландта өткен Азия Чемпионатынан 5 медаль жеңіп алды

Түркістандық параканоэшілер Тайландта өткен Азия Чемпионатынан 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Азия чемпионатынан олжалы оралды.

200 және 500 метр қашықтықтағы KL2 және VL3 санаттарында екі алтын және бір қола медальді Бибарыс Спатай жеңіп алды.

Ал әйелдер арасында KL3 санатында 200 және 500 метрлік қашықтықта Жаныл Балтабаева екі күміс медаль иеленді.

Бұл жарыс Таиландтың Районг қаласында өтті. Оған Азияның 10 елінен 123 параатлет қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Бас мүфти: Діни терминдерді қазақша қолданайық

berdaly_oraz

Қазақстанда алдағы үш күнде нөсер жаңбыр жауып, күн суытады

admin_arysinfo

Шымкент полицейлері көрші елге жеткізуі керек затты сатып жіберген адамды тапты