Түркістан: Аудандардың жағдайын жұмысшы топ арнайы тексермек

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков лездемелік мәжіліс өткізіп, аудандарға берілген тапсырмалардың орындалуын саралады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Басқарма басшылары жылыжай шаруашылығын дамытудың, жылыжай қарқынды бау егу жоспарының, үшжақты келісім негізінде индикаторлық көрсеткіштердің орындалу кестесін ұсынып, есебін берді.

Мәліметтерді саралай келе Нұрбол Тұрашбеков өзектілік картасына енгізілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды:

– Аудандардың жолдаған мәліметтерін тексеріп, қалыптасқан шынайы жағдаймен салыстыру керек. Шұғыл жұмысшы топ құрып, талдау жүргізуді тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Ендігі кезекте жұмысшы топ құрамына енген басқарма басшылары ауыл-аймақты аралап, жағдайды жеке баяндайды. Әсіресе, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімдіктерінің ағын суды шығынсыз тиімді пайдалану, мал азығын дайындау және жайылымдық жерлерді қайтару бойынша атқарған жұмыстары қатаң бақыланбақ.

Жұмысшы топтың қорытындысымен облыс әкіміне кемшілікке жол берген аудан-қала басшыларының жауапкершілігін қарау ұсынылатыны ескертілді.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік мәселелер ашық диалог алаңында қаралды

Түркістан: Түлкібаста 2 кіші футбол алаңы пайдалануға берілді

Шымкентте лифт қауіпсіздігін сақтамаған «Royal Plaza» орталығының иесіне айыппұл салынды

berdaly_oraz