Таза Қазақстан: «Үкаша ата» кесенесінің маңы абаттандырылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» айдары аясында Сауран ауданының аумағындағы орналасқан «Үкаша ата» кесенесінің маңы абаттандырылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – киелі жерлердің тазалығын қамтамасыз етіп, табиғат пен тарихтың тұтастығын сақтау.

Ауқымды тазалық шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, тұрғындармен бірге тазалық жұмысына атсалысты. Тұрғындарды қасиетті орындарды көркейтуге, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

Жалпы көлемі 90 гектарды қамтитын «Үкаша ата» кесенесінің аумағында қураған шөптер жиналып, бей-берекет өскен ағаштар ретке келтірілді. 100 метрге жуық бұлақ көзі ашылып, құдық маңы қоқыстардан тазарды.

Экологиялық шараға ауылдық округтерден жиналған жүзге жуық тұрғын мен мемлекеттік қызметші қатысып, аумақты ретке келтіруге өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, аудан аумағындағы 53 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында жүйелі тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласында облыс әкімі Көшеровтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған маңызды жиын өтті

berdaly_oraz

КУБАДАН КЕЛГЕН ӘНШІ ТҮРКІСТАНДА ТОЙТАРЫС ЖАСАДЫ: «VOICE OF TURAN – 2026» БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Redaktor Arysinfo

Нашақорлық қылмыстарына қарсы іс-қимыл – қоғамның қауіпсіздігі мен ұлт саулығын қорғауға бағытталған аса маңызды бағыт.

Redaktor Arysinfo