Түркістан: «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

Облыс әкімдігінде Мақтаарал ауданы Атамекен кеден бекеті маңында жүзеге асырылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына қажетті инфрақұрылым желілерін жеткізу мәселесі және орталықтың  әлеуеті талқыланды. Өңір басшысына орталықта іске асырылатын бірқатар инвестициялық жобалар тізбесі таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

– Бұл – өңіріміз үшін аса маңызды жоба. Жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық әлеуеті артып, кәсіпкерлік дами түседі. Сондықтан Мақтаарал ауданы әкімдігі мен жауапты басқармалар жұмысты жүйелі атқарулары тиіс. Тұрақты қадағаланады, жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.

Жиналыста Облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев инфрақұрылым тарту мәселелері бойынша есеп берді. Өзге басқарма басшыларының да осы бастамаға қатысты есептері мен ұсыныстары тыңдалды.

Айта кетейік, «Орта Азия»  ХӨКО-ның іске асуы өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етпек. Сонымен қатар бұл орталық аймақтың логистикалық әлеуетін арттырып, Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтатын ірі платформа болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Шымкентте 260 адамға қайтарымсыз грант беріледі

Кентауда соңғы қоңырау шарасы аталып өтті

Түркістан облысында шаруаларға 46 жаңа техника берілді

berdaly_oraz

Пікір жазу