АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА КҮШ САЛАМЫН!

Түркістан облысы Арыс қаласы  Қожатоғай ауылдық округінің әкіміне үміткер

ЕЛШІБАЕВ ЗӘКІРҚОЖА ҮСЕНҰЛЫНЫҢ

ӨМІРДЕРЕГІ:

Елшібаев Зәкірқожа Үсенұлы, 27.11.1965 жылы Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Қожатоғай савхозы, Дарбаза елді мекенінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

Үйленген,  зайыбы Қошмағанбетова Сауле.

Бір қыз, үш ұлы бар.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 30.01.1983-11.10.1987 жж., Қожатоғай кеңшарында жұмысшы.
  • 12.10.1987-21.03.1995 жж., Қожатоғай мемлекеттік асыл тұқымды қой зауытында жұмысшы,          дайындаушы.
  • 23.11.2001 – 15.09.2010 жж., «Ақтай» ШҚ бас есепші.
  • 27.10.2010 – 16.09.2011 жж., Қожатоғай ауылдық округ әкім аппаратында жетекші маман есепші.
  • 04.11.2011 — 31.01.2012 жж., Қожатоғай ауылдық округ әкім аппаратында инфрақұрлым                   жөніндегі  бас маман.
  • 31.01.2012  жылдан бастап Қожатоғай ауылдық округ әкімі  лауазымын  атқарып келеді.

ҮМІТКЕРДІҢ  САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • 2026 жылы — 23 шақырым автожолды жөндеуден өткізуге ықпал ету;
  • 2027 жылы — Қожатоғай ауылына көгалдандыру мақсатында ағын суды жеткізу мәселесін шешу;
  • 2028-2029 жылдары — аз қамтамасыз етілген отбасыларға тиісті көмектер көрсетуді                           ұйымдастыру;
  • 2029 жылға қарай ауылдық округтегі автомобиль жолдарының сапасы 83,2%-дан 95%-ға жақсы   және қанағаттанарлық жағдайға жеткізуді көздейді.

Сондай-ақ, қосымша қаржыландыру көздері арқылы:

  • 2026-2027 жылы Байтоғай елді мекені мен Тасқұдық елді мекенін жалғайтын 11,5 шақырым автожол салу;
  • 2028 жылы барлық елді мекендер жарықтандырумен және ауылды көгалдандыру мақсатында ағын сумен қамтамасыз етуге күш салынады.
  • Ауылдан шыққан танымал тұлғалардың мəдени-рухани мұрасын насихаттауға;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтарына, аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуге;
  • Жастарды рухани-патриоттық тәрбиелеуге;
  • Отбасылық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуды мақсат тұтады.

Зәкірқожа Елшібаев: «Еңбек жолымды өзімнің ауылымдағы мемлекеттік асыл тұқымды қой зауытынан бастап, 2012 жылдан бері Қожатоғай ауылдық округ әкімі болып тағайындалдым және ауылдың экономикалық дамуына үлес қосып, ауыл шаруашылығын дамытып, жастарға жағдай жасау жұмыстарын атқарудамын. Мәселен, демеушілерді тарта отырып Байтоғай ауылында заманауи жабық спорт кешені салуға, екі көшесін жарықтандыруға, Шөгірлі мен Байтоғай елді мекендерін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге, ауылдық округтің негізгі 11 көшесін асфальттауға, Қожатоғай елді мекенінен спорт комплекс және Дәрігерлік амбулатория салуға ықпал еттім. Ел сенім артып жатса, мұндай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады»

Түркістан облысы Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округінің әкіміне үміткер Елшібаев Зәкірқожа Үсенұлының  сайлау қоры қаражаты есебінен төленген.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА ҚАБЫЛСАЙ АРНАСЫ БОЙЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

berdaly_oraz

«Ішіп алған»Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыға қол көтерді

berdaly_oraz

Руслан Берденовке жасалған қастандық: 10 патронмен қаруланып келген күдікті кек алуды көздеген бе?!

berdaly_oraz

Пікір жазу