Түркістан: Келес ауданында ірі ауыз су қоймалары салынады

Түркістан облысы, Келес ауданындағы ауыз су тапшылығын түбегейлі шешу мақсатында екі ірі ауыз су қоймасын салу жоспарланған. Атап айтқанда, Алпамыс батыр ауылдық округінде 4 гектар аумақта сыйымдылығы 20 000 м³ болатын су қоймасының және Біртілек ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде 1 гектар аумақта сыйымдылығы 600 м³ су қоймасының құрылысын жүргізу көзделуде, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аталған құрылыс жұмыстары «Түркістан облысы Келес ауданы елді мекендері үшін су жинау имараты мен жеткізуші су құбырларының құрылысы» жобасы аясында жүзеге асады. Жобалау-сметалық құжаттаманы «МПК Проект» ЖШС әзірлеуде. Жоба іске қосылған жағдайда, Абай ауылы мен оған іргелес екі ауылдық округтің 25 000 тұрғыны тәулік бойы үздіксіз таза ауыз сумен қамтылады.

Қазіргі таңда Келес ауданындағы 83 елді мекеннің 64-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл жалпы халықтың 88,4%-ын құрайды. Қалған 19 елді мекендегі мәселе кезең-кезеңімен шешілуде. Оның ішінде, 14 ауылда су нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар жаз мезгілінде су тұтыну көлемінің артуына байланысты Абай ауылындағы су тапшылығы байқалған мөлтек аудандарға кесте бойынша арнайы көліктермен ауыз су жеткізіліп отыр. 4-аумақтағы су тазартатын модульді құрылғылар толық жөндеуден өткізіліп, іске қосылды. Тағы қосымша ауыз су шықпайтын нүктелерде 2 су тазартатын модуль салу жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА «БАЛА ӨМІРІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz

Заседание депутатской фракции НПК по обсуждению проекта новой Конституции

Redaktor Arysinfo

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 7 білім беру нысаны пайдалануға беріледі деп күтілуде

Redaktor Arysinfo