Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Қалалық Ардагерлер орталығының мәжіліс залында өткен жиынға қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс пен ардагерлер кеңесінің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шара бағдарламасы бойынша  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүніс Әбсаттар Сағатұлы ашып, « Арыс қалалық ардагерлер ұйымының қызметі және қоғамдағы орны мен ролі» туралы баяндама жасады.

      Күн тәртібіне байланысты Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің және Төралқа құрамын, тұрақты комиссия құрамдары мен ардагерлер бастауыш ұйымдарымен жұмыс жүргізу тұрақты комиссиясын,ардагерлердің денсаулығын сақтау тұрақты комиссиясын, әлеуметтік тұрмыстық мәселелер тұрақты комиссиясын, мәдени көпшілік және жастармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясы, ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар жүргізу тұрақты комиссиясы бос орындарына мүшелікке үміткерлерді сайлап бекіту болатын.

Қалалық әкелер мектебінің төрағасы Иман Қалиев үміткерлерді таныстырып, қоғамдық кеңестің мүшелерінің арасында дауысқа салып бекітті. Сондай-ақ, Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысының қаулысы тыңдалды

Әрі қарай, қала әкімі Қайсар Маңқараев ардагерлермен ашық форматта сұхбат жүргізіп, ардагерлердің сауалдарына жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі әлем чемпионы мен жүлдегерін марапаттап, көлік сыйлады

berdaly_oraz

«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР» ЖЫЛЫ: ЖАСТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

berdaly_oraz

Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды