Президент мәлімдемесі

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Бүгінгі жиында тағы да атап өткім келеді: биыл Ұлыстың ұлы күні қарсаңында киелі Түркістан жерінде “Qoja Ahmet Yasaui” орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Осыған байланысты тиісті Заң қабылданып, арнайы Жарлыққа қол қойылды.

Бұл – күллі түркі дүниесі үшін мәні мен мағынасы зор марапат. Осы орайда алғашқы мәртебелі награда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға табысталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу түркі халықтарының рухани байланысын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл бастама бауырлас елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге негіз болады.

Ұқсас жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА МАХАББАТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

Redaktor Arysinfo