Түркістан облысында футболдан жаңа турнир басталды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақта футболды дамыту, жаңа жоспар әзірлеп, ел ішінен талантты жастарды іріктеуді тапсырған болатын. Осыған орай өңірде әуесқой командалар арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Айрықша турнир екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ауыл округтерінің командалары өзара бақ сынайды. Бұл кезеңге облыс бойынша 186 команда құрамында 3300-ге жуық футболшы қатысып жатыр. Ал екінші кезеңде облыстың 3 қаласы мен 14 ауданының құрама командалары төрт топқа бөлініп, жарысты жалғастырады. Қазіргі таңда «А» тобының іріктеу кездесулері Жетісай ауданындағы стадионда өтуде.

Үш күнге жоспарланған бұл ойындардың әділ және жоғары деңгейде өткізу үшін көру үшін Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров Жетісайдағы доданың ашылуына арнайы қатысып, аяқдоп шеберлеріне сәттілік тіледі. Сонымен бірге Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен «Түркістан облысы футбол федерациясы» ЗТБ бас хатшысы Марат Найзабеков та футболшыларға қолдау көрсетті.

Аталған топтың жеңімпаз командасы 13-15 тамыз аралығында «Түркістан-Арена» стадионында өтетін чемпионаттың финалдық кезеңіне жолдама алады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырды

berdaly_oraz

Шымкентте университеттегі ұрлық схемасы әшкереленді

Қазақстан күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді

berdaly_oraz