Арыста коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техника кілттері табысталды

Бүгін Арыс қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында және «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында, коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техникалар табысталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, сала мамандарына техника кілттерін табыстады. Қала басшысы өз сөзінде еңбек адамдарын – жұмысшы мамандық иелерін ерекше атап өтіп, олардың қаланың көркеюі мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

Жаңадан алынған техникалар қатарында — 6 дана МТЗ-82 тракторы бар. Бұл техникалар қала аумағынан бөлек елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау жұмыстарында пайдаланылатын болады. Трактордың қосымша қар тазалайтын, жол сыпыратын құрылғылары және қатты тұрмыстық қалдықтарды тиеуге арналған бөліктері бар.

Сонымен қатар қазіргі уақытта тағы да 2 жүк тиегіш пен 6 трицикл әкелінуде. Бұл көліктер қаланың тазалық деңгейін көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға және жұмысшылардың қызметін жеңілдетуге бағытталған.

Жаңа техникалар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, санитарлық талаптарды сақтау жұмыстарының тиімділігін арттыруға сондай-ақ, халықтың өмір сүру сапасын көтеруге мол  үлес қосатыны анық.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні — ұрпақ пен ұлттың сабақтастығы

Пайдаланылмаған 14,6 гектар жер мемлекетке қайтарылды: Алматыда заң талаптары күшейді

Redaktor Arysinfo

Мемлекеттік рәміздер күні: Түлкібаста көпбалалы аналар мен еңбек адамдары марапатталды

Redaktor Arysinfo