Дереккөз, фото: Ордабасы ауд әкімдігі
Мемлекеттік қолдау шаралары ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына нақты мүмкіндік беріп келеді. Соның бір мысалы – Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Медетбекова Дилфуза.
Ол 2025 жылы қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, фастфуд өнімдерін дайындау бағытында жеке кәсібін ашқан. Бүгінде кәсіп иесі жергілікті тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы өнім ұсынып, өз ісін тұрақты жүргізіп отыр.
Алынған қаржылай қолдау қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға және жұмысты жүйелі жолға қоюға мүмкіндік берген. Нәтижесінде шағын кәсіп табыс көзіне айналып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да ықпал еткен.
Кәсіпкердің айтуынша, мұндай мемлекеттік бағдарламалар өз ісін бастағысы келетін азаматтар үшін тиімді қолдау болып табылады. Қазіргі уақытта ол кәсібін кеңейтіп, өнім түрлерін арттыруды жоспарлап отыр.
Жалпы, қайтарымсыз гранттар ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікке қызығушылығын арттырып, жергілікті экономиканың дамуына оң әсерін тигізуде.
