Арыс: Қала мен ауылдарда 17 жаңа балалар ойын алаңшасы салынып, 3 футбол алаңшасы жаңартылады

Арыс қаласында тұрғындармен өткен кездесулерде жиі көтерілетін мәселелердің бірі – балалар ойын алаңшаларын салу қажеттілігі. Осыған байланысты қала әкімі Қайсар Маңқараевтың тапсырмасына сәйкес, биылғы жылы Арыс қаласында 17 жаңа балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аталған нысандардың 10-ы қала аумағында орналасса, қалған 7 ойын алаңшасы ауылдық елді мекендерде бой көтеруде. Барлық алаңшалар заманауи талаптарға сай, балалардың қауіпсіздігі мен белсенді дамуына лайықталған.

Сонымен қатар, биылғы жылы қаладағы Сүлейменов көшесінде орналасқан футбол алаңшасына, сондай-ақ Монтайтас пен Жиделі ауылдық округтеріндегі футбол алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар Арыс қаласының балалар мен жасөспірімдеріне қолайлы орта қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында демалуға шыққан жүкті әйел өзенге батып кетті

Түркістанда ҚР Пара пауэрлифтинг федерациясының филиалын ашу мәселесі қаралды

berdaly_oraz

Түркістанда ІТ парк салу жобасы пысықталды

Альфия Адамбек