Шардарада аудандық маңызды жолдың құрылыс жұмыстары басталды

Шардарада аудандық маңыздағы «КХ-18 Жаушықұм – Қалғансыр» автомобиль жолының құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жолдың жалпы ұзындығы – 8,3 шақырым, ені – 5 метр. Бұл жоба өңір тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдетіп, көлік қозғалысының сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастама.

Қазіргі таңда «Строймонтаж» ЖШС мердігер ұйымы ретінде бекітіліп, жолды тегістеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған жоба Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізіп, тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Алғашқы махаббат» қойылымының премьерасы өтті

Альфия Адамбек

Түркістанда жол ережесін емес, әдепті де бұзды: жүргізуші жазаланады

Redaktor Arysinfo

Нұралхан Көшеров түркиялық инвестормен зауыт ашу мәселесін пысықтады