АРЫС: ҚАЛА ӘКІМІ ТАСҚЫН СУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қала аумағындағы ең ірі тасқын суды өткізетін қаладағы «Қабылсай» жырасының жағдайымен танысып, тасқын судың алдын алуға қарсы атқарылып жатқан шараларды бақылады.
Аталған жыраның қала ішінен өтетін бөлігі 11,4 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда оның 4 шақырымы механикалық тазалаудан өткен. Қалған бөлігін тазалау жұмыстары жалғасуда. Ол үшін арнайы шынжыр табанды эксковатор жұмылдырылған. Соның арқасында қазіргі таңда Монтайтас ауылдық округі мен қыраттардан келетін жаңбыр суы жыра арнасымен қалыпты ағып, Арыс өзеніне құйылуда.
Қала басшысы Төтенше жағдай бөлімі мен аудандық полиция және әкімдіктің жауапты қызметкерлеріне су тасқынының алдын алу бойынша үздіксіз мониторинг жүргізуді тапсырды. Бұдан бөлек, су тасу қаупі бар учаскелерде, көпірлерде, өткелдерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастыруды баса айтты.
Қазір өзен ағынын, су деңгейін бақылайтын кезекшілік бекеттері жағдайды бақылауда ұстап отыр. Мамандардың айтуынша жырадағы су деңгейі кешке дейін төмендейді деп болжануда.
Қазіргі уақытта жаңбыр суынан жиналған сулардың тұрғын үйлер мен төрт түлікке жеткізер қауіпі жоқ. Жағдай толық мамандардың бақылауда.
Арыс қаласы әкімдігі барша қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған әйелге 12 миллион теңгеге айыппұл салынуы мүмкін

berdaly_oraz

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті дамытуды тапсырды

Түркістан: Полиция кальян шегу дерегімен 30-дан астам тұрғынды жауапқа тартты

berdaly_oraz

Пікір жазу