МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Дереккқз, фото: Арыс қаласы әкімдігі

Түркістан облысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, сала үздіктері марапатталды. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында өңірдің рухани-мәдени дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мамандардың еңбегі жоғары бағаланды. Солардың қатарында Арыс қаласының мәдениет саласының ардагері Гүлнар Әшімқызы Садықова да бар. Ол мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл марапат – сала ардагерінің көп жылғы еңбегі мен өңірдің мәдени-рухани дамуына қосқан үлесінің айқын көрінісі. Гүлнар Әшімқызы еңбек жолында ұлттық мәдениетті дәріптеуге және рухани құндылықтарды насихаттауға елеулі үлес қосып келеді.

Әріптестері мен жерлестері марапат иесін кәсіби жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта да ел мәдениетінің дамуына бағытталған еңбегіне табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ КЕЗІНДЕ 5 МЫҢНАН АСА АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

berdaly_oraz

Шымкент әкімінің орынбасарына оқ атқан күдіктіге 15 жылдан өмір бойына дейінгі жаза қарастырылған

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР «М-39» АВТОЖОЛЫ ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo