Түркістан облысында алюминий бұйымдарын шығаратын жаңа зауыт ашылды

Түркістан облысында алюминий бұйымдарын шығаратын жаңа зауыт ашылды,деп хабарлайды  Арысифно.кз.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының Бадам ауылында алюминий профильдерін өндіретін «Central Asia Aluminum» ЖШС зауыты іске қосылды. Лентасын облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен компания директоры Сян Гуанжуй қиып, арнайы батырманы басу арқылы өндіріс ресми түрде басталды.

Жылына 20 мың тонна өнім шығара алатын кәсіпорынға алғашқы кезеңде 4,4 млрд теңге инвестиция салынған. Мұнда 200-ге жуық адам жұмыс істейді, ал дайын өнімнің негізгі бөлігі шетелге экспортталады. Зауытта заманауи технологиялар қолданылып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Салтанатты шарада сөз алған Нұралхан Көшеров бұл жобаны облыс экономикасын әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу ісіндегі маңызды қадам деп атап өтті. Оның айтуынша, өңір индустриалды аймақтардың жұмысын жандандырып, өндірістік жобаларды көбейту арқылы дотациялық мәртебеден арылып, өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жетуді мақсат етіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Бірқатар өнер қайраткері «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды

Redaktor Arysinfo

Тоқаев Аида Балаеваны қабылдады: мәдениет пен ақпарат саласындағы жұмыстар талқыланды

Redaktor Arysinfo

Биыл Түркістан облысында 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылады