ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА 100 МЫҢ ТОННА КӨМІР ДАЙЫН

Түркістан облысы жаңа жылу беру кезеңіне қызу дайындық үстінде. Аймақ әкімдігінде өткен кеңесте 2025-2026 жылғы жылыту маусымына қажетті көмір қоры мен оның жеткізілу қарқыны талқыланды. Жиынды облыс әкімі Нұралхан Көшеров басқарып, жауапты басшыларға бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

— Қыс ортасында көмір тапшылығына жол берілмеуі керек. Әсіресе мектептер, ауруханалар мен басқа да бюджеттік мекемелердің отын қоры алдын ала толық жасақталуы шарт, — деді өңір басшысы.

Ресми мәліметке сүйенсек, алдағы маусымға өңірге 606,6 мың тонна көмір қажет. Мамырдан шілдеге дейінгі аралықта жоспарланған 96 791 тонна көмірдің 79 пайызы (76 728 тоннасы) теміржолмен жеткізілген.

Бүгінде 28 кәсіпкерлік нысанының қоймаларында шамамен 100 мың тонна көмір сақтаулы. Бюджеттік ұйымдарға қажетті 75 786 тонна көмірдің 36 пайызы сатып алынып, бұл көрсеткіш өткен аптаға қарағанда 10 пайызға артқан. Жоспар бойынша, барлық бюджеттік нысандарды 10 тамызға дейін толық қамту көзделген.

Облыс әкімдігі көмір жеткізу индикаторын әзірлеп, тасымалдау барысын күнделікті қадағалауда. Шенеуніктердің айтуынша, дайындық жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр және жылыту маусымында ешқандай іркіліс болмауы тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

«Виза да,ақша да жоқ»Астаналық жігіт АҚШ-қа виза аламын деп алаяққа алданып қалды

berdaly_oraz

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Исабеков дүниеден өтті

berdaly_oraz

Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

berdaly_oraz