Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Еңбекқор жандардың еңбегін бағалай білу – қоғам дамуының басты көрсеткіші. Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы осы құндылықты насихаттауға арналған маңызды қадам. Осыған орай жаңа жылда Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қаланың өркендеуіне мен тазалығына өз үлестерін қосып жүрген еңбек адамдарымен кездесіп, оларға ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда теміржолшылар кентінде қаланың жасыл желегі мен тазалығын сақтау жолында «Жасыл Арыс» және «Qazaq Real Stroy» мекемелері жұмыс істейді. Жұмысшы мамандар тек қала көркі үшін емес, тұрғындардың жайлы өмірі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Жұмысшылармен кездесу кезінде әкім әрбір қызметкердің қажырлы еңбегіне алғыс айтып, мерекелік сыйлықтар тарту етті. «Бұл – олардың еңбегін мойындап, қоғам назарын осы маңызды салаға аударуға деген шағын үлесіміз, еңбектеріңіз ел игілігі үшін жарап, қаламыздың көркеюіне септігін тигізе берсін! Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін»-деді шахар басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Сенатор Жанна Асанова Қазақстанда некеге мектеп жасынан бастап дайындық жүргізуді ұсынды

berdaly_oraz

Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы ұрлап, 5 млн теңге талап еткен күдіктілер ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 112 шақырым канал тазаланды

Альфия Адамбек

Пікір жазу