ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША СОТ АКТІЛЕРІНЕ ШАҒЫМ КЕЛТІРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

2024 жылғы 21 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Осыған байланысты, сот жүйесінде біршама реформалар жүргізіліп, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде кассациялық соттар жұмысын бастады.
Жоғарыда аталған заңмен Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік кодексіне де өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, әкімшілік істер бойынша сот актілеріне шағым беру тәртібі біршама өзгеріске ұшырады.
Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы жария етілген күнінен бастап күшіне енеді. Ал, кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына жекеше шағымдар бойынша апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары жария болған күнінен бастап күшіне енеді. Яғни, әкімшілік соттардың шешімдері мен ұйғарымдары апелляциялық сатының қаулысы жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
 Әкімшілік істің одан әрі жылжу мүмкіндігіне кедергі келтіретін апелляциялық сатыдағы соттың өзге де ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Апелляциялық сатыдағы сотта әкімшілік іс ақылға қонымды, бірақ ол сотқа келіп түскен күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.
Заңды күшіне енген сот шешімдері мен ұйғарымдарына әкімшілік процеске қатысушылар апелляциялық сатыдағы сот актісі түпкілікті нысанда табыс етілген күннен бастап алты ай ішінде кассациялық шағым беру арқылы кассациялық тәртіппен шағым жасай алады.
 Кассациялық шағым мен прокурордың өтінішхаты тікелей кассациялық соттарға беріледі.
 Кассациялық сатыдағы сотта әкімшілік іс ақылға қонымды, бірақ ол сотқа келіп түскен күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімдерде қаралады және шешіледі.

 

 

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының судьясы Гульмира Мекембай

Ұқсас жаңалықтар

«Мердігер неге қашып жүр?» Арыс ауданы Атамекен ауылындағы жарықтандыру жұмыстарына қатысты мәселе сотқа жетті

berdaly_oraz

СОТ ШЕШІМІ ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында борконьерлерден 80 келіге жуық балық тәркіленді

berdaly_oraz