Арыс қаласында 600 орындық жаңа «Келешек мектебі» ашылды

Білім күні қарсаңында Арыс қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 600 орындық жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиынға облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев, қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Мектептің лентасын Еркебұлан Әбілханұлы мен ардагер ұстаз, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдісаттар Жүніс қиды.

Жаңа білім ордасы заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда екі спорт залы, акт залы, асхана, коворкинг алаңы, кітапхана, мәжіліс залы, пән кабинеттері мен шеберханалар қарастырылған. Сондай-ақ оқушылардың спортпен айналысуына арналған ашық футбол алаңы да бар.

Мектепті аралап көрген ата-аналар мен оқушылар кең әрі жарық сыныптарға, заманауи жабдықтарға ризашылықтарын білдірді.

Биыл Арыс қаласында 20 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. Оның ішінде 1629 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста ауыл кәсіпкерлігін қолдауға арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды

berdaly_oraz

Түркістан: Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселесі қаралды

Түркістан облысының прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Бизнес және инвестицияны қорғау» атты форум өтті

Альфия Адамбек