Төлеби ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Төлеби ауданында жаңа спорт кешені ашылды,-деп жазады Арысинфо.кз тілшісі.

Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Кеңесарық ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне генерал-жазушы Ержан Исақұлов, қоғам және мемлекет қайраткері Болат Жылқышиев, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысты.

«Бұл кешен – болашақ чемпиондардың жаттығатын ордасы. Ертеңгі ел намысын қорғайтын спортшылар дәл осы залдан шығады», – деді Болат Жылқышиев.

Құны 160 млн теңге болатын нысан толықтай жеке демеуші қаржысына салынған. Жаңа кешен ауыл жастарына салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Төлеби ауданында спорт саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 51,5 мың адамға жетіп, аудан халқының 42,2%-ын құрайды. Ауданда барлығы 225 спорт нысаны жұмыс істейді.

Ораз Бердалы (тілші)

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында есірткі тасымалдаған ер адам істі болды

berdaly_oraz

Түркістанда Түлкібас және Сайрам аудандарының кәсіпкерлері өзекті мәселелерін ортаға салды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo