ТҮЛКІБАСТА 20 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Түлкібаста дәстүрлі тазалық күні өтті. «Таза Қазақстан» науқаны аясында ұйымдастырылған шарада ауданымызға аяқ басқан туристердің сүйікті жеріне айналған «Ақсу-Жабағылы» қорығына баратын 20 шақырымнан астам күре жолдың екі жағы қоқыстан және қураған ағаштан тазартылды.

Экошараға аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлімдердің қызметкерлері белсене атсалысты. Бұл жерде әр мекемеге ондағы мамандарының санына байланысты арнайы аумақ бөлініп берілді.
Сондай-ақ, ауылдық округ, кент әкімдіктері өздеріне тиесілі учаскелерде тазалық жұмыстарын атқарып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Айта кетерлік, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 369 тазалық акциялары өткізіліп, оған 10 мыңғы жуық адам қатысқан. 200-ден астам арнайы техника тартылып, нәтижесінде, шамамен 400-ге жуық күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТТАР САЛЫНУДА

berdaly_oraz

Түркістанда қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасалды

Redaktor Arysinfo

Алаяқтың айласы көп: Қаржыңызды қалай қорғайсыз?

Redaktor Arysinfo