Арыс–Монтайтас жолына жол кедергілері орнатылуда

Арыс–Монтайтас бағытындағы КХ-92 облыстық маңызы бар автожолдың Қабылсай ауылының Арыс жақ бетіне жол кедергісі (жасанды төмпешік) орнатылды.Бұл туралы Арысинфо тілшісі хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, мұндай шара жол бойындағы көлік жылдамдығын төмендетіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Алдағы күндері 42-разъезд және Ақтас ауылдарының тұсына да осындай жол кедергілері қойылады.

«Жергілікті тұрғындар мен жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жол қауіпсіздігіне назар аударуды сұраймыз»,-дейді жергілікті әкімдік қызметкерлері.

 

Бердалы Ораз ( аймақ тілшісі )

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан футболшыларының тарихи жетістігі – ортақ қуаныш

Redaktor Arysinfo

Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриялды аймақтың жай-күйімен танысты

1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға дейін арзандайды

berdaly_oraz