Түркістан: Сайрам ауданының әкімі болып Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев сайланды

2025 жылғы 5 қазанда Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне енгізілген 138 762 азаматтың дауыс беруге – 79233 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 415 сайлаушы қатысқан.
Сайрам ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысына сәйкес тіркелген үш кандидатқа:
Дулат Талғатұлы Абылгазиевке — 4 724 сайлаушы;
Мадияр Мұхтарұлы Оразалиевке — 66 837 сайлаушы;
Алмас Мейрбекұлы Тураровқа — 7 132 сайлаушы дауыс берген.
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 255.
Айта кетейік, су жаңа әкім Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев 1986 жылы туған Түркістан облысы Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округінің азаматы.

Ұқсас жаңалықтар

 АҚШ ДОЛЛАРЫ АРЗАНДАЙ БАСТАДЫ

Шымкентте екі айда елуден аса тұрғын туберкулез жұқтырған

Альфия Адамбек

VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АУДАРЫСПАҚТАН ҮШ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Redaktor Arysinfo