Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Сарыағаш ауданында Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шараның ашылуында аудан әкімі Арман Абдуллаев сөз сөйлеп, жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтады.

– Қазақстанның берекесі мен бірлігі – әр азаматтың туған еліне деген сүйіспеншілігі мен адал еңбегінің көрінісі. Республика күні – халқымыздың тәуелсіз мемлекет болуға деген тарихи таңдауын айқындайтын, елдігіміздің бастауы болған ерекше күн. Бұл мерекені атап өту – Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуға үлес қосатын әрбір азамат үшін маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бұл күн – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын тарихи сәт. Сол себепті аудан тұрғындары ел бірлігін сақтап, еңбектің қадірін кейінгі ұрпаққа үлгі етуі қажет, – деді аудан әкімі.

Салтанатты жиынға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, депутаттар, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме және бөлім басшылары, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Мерекеде Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттары» табысталды.

Іс-шара аудандық мәдениет үйі ұсынған концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Telegram арқылы есірткі саудасын ұйымдастырды деген күдікті қолға түсті

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының тұрғындарына 10 мыңнан аса бос жұмыс орны ұсынылды

Түркістан облысында жол құрылысына неміс технологиясы енгізілуі мүмкін

berdaly_oraz