САРЫАҒАШТА «ЛАЙЫҚТЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕЙІК» АТТЫ КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне орай Сарыағаш қаласындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде» мемлекеттік қызметкерлер арасында “Лайықты ұрпақ тәрбиелейік” атты кіші футболдан аудандық турнир өтті.

Жарысқа 11 ауылдық округтен құралған командалар қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша:
I орын – Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының командасы;
II орын – Дербісек ауылдық округі әкімі аппаратының командасы;
III орын – Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының командасы.

Жеңімпаз командалар медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Жарыс соңында ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділ Ташпулатов қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, спорттың қоғамдағы рөлін арттыру мен салауатты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, турнирдің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұжымдық бірлікті нығайту болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл шегірткемен күреске 7,1 млрд теңге бөлінді

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРЕДІ: 2027 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖАҢА ТӘРТІП ЕНГІЗІЛЕДІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Redaktor Arysinfo