Рудныйдың бұрынғы прокуроры Мұрат Оспанов 20 млн теңге пара ісі бойынша сотталды

Рудныйдың бұрынғы прокуроры Мұрат Оспанов 20 млн теңге пара ісі бойынша сотталды,- деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қостанайда Рудный қаласының экс-прокуроры Мұрат Оспановқа сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, ол құрылыс бөліміндегі тексерісті тоқтату үшін 20 миллион теңге көлемінде пара алуға оқталған.

Оспанов өз кінәсін толық мойындап, өкінген соң іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Үш сот отырысынан кейін ол орташа қауіпсіздік мекемесінде 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды және «әділеттің аға кеңесшісі» шенінен айырылды.

Сот үкімін шығару кезінде айыпталушының жас балалары бар екені және кінәсін мойындап, шын өкінгені жеңілдетуші мән-жай ретінде ескерілді.

Айта кетейік, Рудный қаласының прокуроры Мұрат Оспанов биыл қыркүйекте ішкі қауіпсіздік қызметі мен ҰҚК департаментінің бірлескен операциясы кезінде ұсталған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Сауранда 600 адам ауқымды тазалық шарасын өткізді

Альфия Адамбек

Арыста үш бірдей тұрғын үйді шарпыған өрттің себебі тексерілуде — ТЖБ

berdaly_oraz

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ МІНДЕТІМ

Redaktor Arysinfo