АРЫСТЫҢ ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ – «АЛТЫН КҮЗ» ТУРНИРІНІҢ ЧЕМПИОНДАРЫ

Сарыағаш қаласында 2012–2013 жылы туған ұлдар арасында өткен баскетболдан республикалық «Алтын күз» турнирі мәресіне жетті. Байрақты додаға Түркістан облысының әр өңірінен келген үздік командалар қатысып, бақтарын сынады.

Бұл жарыста Арыс қалалық №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары ерекше көзге түсіп, барлық қарсыластарын артта қалдырып, жүлделі І орынды иеленді. Олар ойын барысында жоғары дайындық пен нағыз командалық рухтың үлгісін көрсетті.

Турнирдің басты мақсаты — жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту. Осы бағытта Арыстың жас өрендері өз шеберліктерін дәлелдеп, туған қаласының атын тағы бір мәрте асқақтатты.

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал олардың жаттықтырушысы үздік команданы дайындағаны үшін арнайы марапатқа ие болды.

Бұл жеңіс — жүйелі еңбектің, табандылық пен бірліктің жемісі. Арыс жастарының табысы алдағы спорттық жетістіктерге тың серпін бермек.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТИІМДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Сарыағашта  полиция сыныбы ашылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 2000-нан астам оқушы «IQanat» Олимпиадасына қатыспақ