ДРОППЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР 10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙРЫЛАДЫ

ҚР заңнамасына сәйкес, алаяқтық үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Сондай-ақ дропперлік үшін – 5 жылға дейін, ал оларды ұйымдастырушылар – 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Дроппер деп – алаяқтар қылмыстық жолмен басқалардың шотынан ұрлаған ақшаларын шығаруға немесе қолма-қол ақша айналдыру үшін пайдаланатын адамды айтады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбаева мәлімдеді.

«Дроптар – бұл заңсыз қаржылық операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қарапайым адамдар. Яғни, өздерінің банк карталарын немесе жеке деректерін басқа біреулерге беріп, заңсыз қаржы операцияларын жасауға көмектескен тұлғалар. Мұндай топтардың алдауына 18-25 жас аралығындағы жылдам ақша табуды көздейтін жастар түседі. Дроп болмас үшін жеңіл табыс уәде еткен вакансияларға ешқашан жауап бермеу керек.

Сондай-ақ, банк картаңыздың деректерін ешкімге бермеу қажет. Егер сізге дроп болу ұсынылса – бірден бас тартыңыз. Алаяқтардан сақтану мақсатында ресми БАҚ өкілдерінің хабарламаларын және арнайы құқықтық органдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда шығатын ақпараттардан хабардар болған жөн. Айта кететін жайт, дропперлікпен айналысқан азаматтардың бұл дүниенің заңсыз екенін білмедім деген сөзі — оны заңды жауапкершіліктен құтқармайды. Ғаламтор жүйесі дамыған сайын алаяқтардың да айла-тәсілдері өзгереді. Сондықтан да жеңіл ақша табуға және жеке бастың мәліметерін ешкімге бермеген жөн» — деді спикер.

Ұқсас жаңалықтар

Төле би ауданында 1700 адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Түркістан облысында заман талабына сай зауыттар мен кәсіпорындар көбейіп келеді

Альфия Адамбек

Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші бойынша Шымкент 5 орында