Арыс ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өтті

Арыс ауданының прокуратурасы, аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында кең ауқымды рейдтік жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ қоғамда жол-көлік мәдениетін қалыптастыру.

Рейд барысында жол ережелерін бұзған жүргізушілерге түсіндіру және профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолдағы қауіпсіздікке назар аударту мақсатында прокуратура әзірлеген арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.

Құзырлы органдар барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, бірлесе әрекет етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев Шағыр ауылы тұрғындарымен кездесті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА САДАҚ АТУДАН ЕЛ КУБОГЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТІП ЖАТЫР

Redaktor Arysinfo