Бектенов: «Мемлекет жұмыс істей алатын азаматты асырауға міндетті емес»

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов әлеуметтік көмек жүйесін қайта қарау қажет екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет қолдауы тек объективті себептермен жұмыс істей алмайтын азаматтарға ғана бағытталуы тиіс.

«Жұмыс істей алатын адамдарды мемлекет асырауға міндетті емес және ешқашан асырамайды», – деді Бектенов Сенаттағы депутат Сұлтанбек Макежановтың сұрағына жауап бере отырып.

Премьер-министрдің айтуынша, республикалық бюджеттің көп бөлігі әлеуметтік төлемдерге жұмсалып келген. Соңғы жылдары әлеуметтік шығындар 40%-дан асып отырған, ал жаңа үшжылдық бюджетте бұл көрсеткіш 38%-ға төмендетілген.

Бектенов алдағы үш жылға арналған бюджетте негізгі шығындардың үлесі 15%-дан 12%-ға азайғанын, бірақ соған қарамастан бюджеттің шамамен 60%-ы әлеуметтік қолдауға кететінін атап өтті.

Үкімет басшысының бұл мәлімдемесі әлеуметтік саясаттың қатаюы мүмкін екендігін көрсетіп отыр. Алайда қоғамда «жұмыс істей алады» деген критерийді қалай анықтайтыны және әлеуметтік көмектің нақты қандай топтарға шектелетіні туралы сұрақтар әлі де ашық күйінде қалды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДА 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

berdaly_oraz

2026 жылы өңірлерде көкөніс пен жүгері алқаптары кеңейтіледі

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ МЕН СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Redaktor Arysinfo