САУРАН АУДАНЫНДА 16 МЛРД ТЕҢГЕЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Түркістан қаласында өткен халықаралық «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» барысында жалпы құны 432,2 млрд теңге болатын жеті маңызды меморандумға қол қойылды. Солардың бірі — Сауран ауданында жүзеге асырылатын 16 млрд теңгелік агроөнеркәсіптік жоба.

Жоба аясында шетелдік «Xiang Hopi i Ma Aerial Machinery» компаниясымен екіжақты меморандум бекітілді.

Агроөнеркәсіптік жобаның іске асырылуы Сауран ауданындағы ауыл шаруашылығы саласын технологиялық жаңғыртуға, жаңа өндіріс орындарын құруға және заманауи агротехникалық шешімдерді енгізуге жол ашады. Компания топырақ өңдеу, егін жинау және агросектордағы процестерді автоматтандыруға арналған жоғары технологиялы техникалар өндіреді. Өнімдері Қазақстанмен бірге көрші елдерге де экспортталады.

Форум аясында Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар келісімдер жасалып, экономиканың түрлі бағытында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

БІРЛІККЕ ҮН ҚОСҚАН» – ӨНЕР МЕН БІРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН БАЙҚАУЫ

Redaktor Arysinfo

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ: ТҮРКІСТАНДА ОҚЫРМАНДАРҒА 120 КІТАП ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ