Малшылар мен шопандарға зейнет жасын төмендету ұсынылды

Сурет: pixabay

Қазақстанда малшылар мен шопандардың зейнетке шығу жасын азайту жоспарланып отыр. Бұл бастама 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға енгізілген.

Құжатта салада еңбек ететін азаматтарға бірқатар әлеуметтік және экономикалық қолдау тетіктері де қарастырылған. Атап айтқанда, фермерлерге 5–6 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру, әскерге шақыруды кейінге қалдыру, малшылардың балаларына оқу гранттарын басымдықпен ұсыну, сондай-ақ ауылдық жерде тұрғын үй салуға мемлекеттік қолдау көрсету көзделіп отыр.

Аталған жоспар Қоғамдық кеңесте талқыланып, толық қолдауға ие болған.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: ӘЙЕЛ – БИЗНЕС БИІГІНДЕ: ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНЕ 10 ЖЫЛ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 51 СПОРТ НЫСАНЫ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

berdaly_oraz

Қайтарымсыз грант алуға өтінім қабылдау 21 мамырда басталады

berdaly_oraz