ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің маңызды отырысы өтті. Ауқымды жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ғылыми-сарапшылық қауым өкілдері мен қоғамдық белсенділер қатысты.
Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы бекіткен стратегиялық мәні бар екі негізгі құжат жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының ішкі саясатының басты қағидаттары мен құндылықтары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлігіміз – әралуандықта» атты 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының негізгі бағыттары кеңінен қарастырылды. Отырысты облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізді.

Алқалы жиында облыстық ҚХА жанындағы өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Райымжан Алибаев, Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сейдулла Садықов және ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов баяндама жасады. Олар еліміздің ішкі саясатындағы басымдықтар, Ассамблеяның алдағы жылдарға арналған даму бағыты және Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген сұхбатында көтерілген негізгі мәселелер жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Кеңес барысында этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея құрылымдарының алдағы қызметіне қатысты бірқатар нақты ұсыныстар айтылды. Олардың қатарында этносаралық ахуалды жүйелі түрде бақылау, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Салауатты сана» қағидаттарын кеңінен насихаттау, жастар мен еріктілерді Ассамблея жобаларына белсенді тарту мәселелері бар.

 

Сонымен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және әлеуметтік желілерде таралатын арандатушылық сипаттағы контенттің алдын алу жолдары сөз болды.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы қоғамдық келісімді нығайту, азаматтық бірегейлікті дамыту және «Әділетті Қазақстан» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру – өңір үшін маңызды міндет екенін атап өтті. Ол Мемлекет басшысының тапсырмалары Түркістан облысында сапалы әрі жүйелі түрде орындалуы тиіс екенін жеткізіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынатыны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста “Таза Қазақстан” аясында киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізілді

Арыста  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өмір қымбатсың маған» семинар-тренингі өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді

berdaly_oraz