Тоқаев: «Қыз алып қашу – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел қылмыс»

Сурет:gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласында кісі қолынан қаза болған Нұрай есімді бойжеткеннің өліміне қатысты пікір білдірді. Президент бұл оқиғаға байланысты полиция қызметінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырды.

– Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз. Бұл – заңға қайшы, ұлтымыздың беделіне көлеңке түсіретін өрескел әрі жабайы қылмыс, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, мұндай фактілерге мүлде төзбеушілік танытылып, құқық қорғау органдарының жұмысы заң аясында қатаң бағалануы тиіс.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл мәселе қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтіп, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін тағы да еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕР АУЫЛҒА ЕРЕКШЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

Созақта биыл 6 айда жалпы өңірлік өнім көлемі 380 млрд теңгеден асты

Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсті