Арыста үш бірдей тұрғын үйді шарпыған өрттің себебі тексерілуде — ТЖБ

Сурет: Arysinfo

Арыс қаласының Мехколонна мөлтек ауданында кешкі уақытта бірінен кейін бірі үш тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға 24 қаңтар күні сағат 20:40 шамасында тіркеліп, қалалық №7 өрт сөндіру бөліміне хабарлама түскен.

Дабыл бойынша оқиға орнына екі өрт сөндіру техникасы мен жеті жеке құрам қызметкері жедел жеткен. Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, өрт сағат 22:13-те толықтай ауыздықталған.
Өрт салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталу үстінде, тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА АУҒАНСТАН ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістан облысы ет экспорты бойынша көш бастады: 60 мың тоннадан астам өнім шетелге жөнелтілді

berdaly_oraz