Бәйдібек тұрғындарымен кездесу: облыс әкімі халықты қабылдайды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес Бәйдібек ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Кездесу 2026 жылғы 7 тамызда сағат 15:00-де Шаян ауылындағы Жастар сарайында (Б. Қарашаұлы көшесі, №53) өтеді.

Сондай-ақ, сағат 16:00-де аудан әкімдігі ғимаратында облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.

Жеке қабылдауға 2026 жылғы 5 тамызға дейін 8 (72533) 5-98-99, 8 (72533) 5-93-97 байланыс нөмірлері немесе «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жазылуға болады. Өтініштер жұмыс күндері 09:00–19:00 аралығында (түскі үзіліс: 13:00–15:00) қабылданады.

Қабылдауға жазылу кезінде өтініш берушінің аты-жөні, сұрағының мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды поштасы (бар болса) толық көрсетілуі қажет.

Ұқсас жаңалықтар

 АҚШ ДОЛЛАРЫ АРЗАНДАЙ БАСТАДЫ

40 градус аптап: Қазақстанның қай өңірі күйіп тұр?

Redaktor Arysinfo

Арыста жұмысынан өз еркімен кеткен әйел сотта жеңіп, бұрынғы жұмыс орнынан 10 миллион теңге өндіріп алды

berdaly_oraz