Сурет: vecher.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушыларына түсетін жүктемені жеңілдету мақсатында бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауға (ТЖБ) бөлінетін уақытты қысқарту мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Arysinfo.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеп хабарлайды.
Министрдің сөзінше, кейбір білім беру ұйымдарында оқу жүктемесінің шамадан тыс болуына байланысты оқушыларды сенбі күндері де мектепке шақырып, БЖБ мен ТЖБ тапсыртатын жағдайлар кездескен. Бұл өз кезегінде балалардың демалыс уақытына кері әсер етіп, артық шаршауға әкеледі.
— Басты мақсат — оқушының білім сапасын төмендетпей, артық жүктемені азайту. Осы бағытта бағалау жүйесіне қатысты ұсыныстар қарастырылып жатыр, — деді министр
