Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда

Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Үкімет отырысында жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады.

Оның айтуынша соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарды. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операциялар жасалып, жүрек ақаулары дер кезінде түзетілуде. Биыл протондық, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болады.

Біүгінде ми ісіктері мен тамырлы патологияларды бір сатылы емдеу үшін гибридті операциялық бөлмелер енгізіліп жатыр. Қызметті жаңғырту аясында 36 балаға «гамма-пышақ» аппаратында радиохирургиялық операциялар жүргізілген.

Жыл сайын 400 балаға есту импланттары орнату бойынша операциялар жасалады, орта есеппен 700 шала туған нәрестеге ретинопатияны түзету жүргізіледі. Жоспарланған іс-шаралардың барлық кешені азаматтардың шетелге емделуге жіберілуін 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті министр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда IT университетінің құрылысы аяқталуға жақын: министр Саясат Нұрбек нысанды аралады

berdaly_oraz

Бәйдібек: «Жер аманаты» жобасы аясындағы аймақтық комиссия көшпелі отырысы өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

berdaly_oraz