Ералы Тоғжанов Келес ауданындағы ауыз су нысандарын тексерді

Ералы Тоғжанов Келес ауданындағы ауыз су нысандарын тексерді,-деп хабарлайды Арысинфо.кз.

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты.

Сапар барысында Ақсу, Жуантөбе, Жаңадәуір, Ескіқорған, Құйған және Қияжол елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерінің құрылысы мен жұмыс сапасы тексерілді. Тұрғын үйлер орталықтандырылған су жүйесіне кезең-кезеңімен қосылып жатыр.

Ауыл тұрғындарымен кездескен Ералы Тоғжанов сапалы ауыз сумен қамтудың маңызын атап өтті. Айта кетейік, өткен жылы Келес ауданында 13 ауыл ауыз сумен қамтылып, жобалар қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенция

Созақта Астана күні қарсаңында 25 отбасы баспаналы болды

berdaly_oraz

Шымкентте пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр