Созақта Астана күні қарсаңында 25 отбасы баспаналы болды

Сурет: Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысының Созақ ауданында Астана күні қарсаңында 25 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды.

Жеткіншек мөлтек ауданында өткен салтанатты рәсімде әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасыларға жаңа баспаналар табысталды.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды құттықтап, баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

«Баспана – әр отбасының бақыты мен тұрақтылығының негізі. Бұл – халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі», – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Созақта 29 отбасы баспаналы болған еді. Қазір тағы 22 пәтерді құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар аудан орталығында жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Redaktor Arysinfo

Шардарада мешіт қызметкерлеріне үй мен көлік берілді

berdaly_oraz

Түркістан ауыл шаруашылығында рекорд жаңартты

Redaktor Arysinfo