Арыста халық денсаулығына қатысты комиссия отырысы өтті

2026 жылғы 19 ақпанда Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов төрағалық етті. Оған комиссия мүшелері мен жауапты бөлімдердің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қала аумағындағы құтыру, паразитарлық сырқаттар және вакцина арқылы бақылауға алынатын инфекциялар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай талқыланды.
Арыс қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Құрбанбай Егенбердиев баяндама жасап, эпидемиологиялық ахуалға талдау жүргізді. Ол жоспарлы иммундау науқанының орындалу барысын, тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру шараларын және инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге профилактикалық іс-шараларды күшейту, екпе қамту деңгейін арттыру және санитариялық талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғынды 2 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Созақ ауданында балаларға арналған 3 нысан пайдалануға берілді